Әлемнің ең үздік бес боксшысының қатарына кірген Сұлтан Зауырбектің шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды
Екінші жартылай жеңіл салмақта әлемдік рейтингте ең үздік бес боксшысының қатарына кірген Сұлтан Зауырбектің шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/sultanzaurbek
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбектің келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орны белгілі болды. "Қазақ королі" лақапатымен танылған Сұлтан Заурбек (18-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін 7 желтоқсанда Ирландияның Уотерфорд қаласында өткізеді. Оның қарсыласы польшалық боксшы Дамиан Вжесинский (28-3-2, 7 КО) болмақ. Дамиан Вжесинский кәсіби мансабында 28 жекпе-жек өткізіп, 3 рет жеңіліс тапқан және екі рет тең түскен спортшы.
Айта кетейік, қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек соңғы рет 21 маусымда Ұлыбританияның Болтон қаласында жекпе-жек өткізіп, екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA Continental аймақтық чемпиондық белбеуін жеңіп алған еді.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге

