Әлемнің ең үздік балуандары Тараздағы турнирде бақ сынайды
Таразда әлемнің үздік балуандарының қатысуымен еркін күрестен Wrestling Stars халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Осымен үшінші рет өтетін дәстүрлі турнирге еркін күрестен еліміздің ғана емес, әлемнің ең үздік балуандар қатысады. Қазақстандық балуандардың ішінен Азия чемпионы Санжар Досжанов, ел чемпионы Мейіржан Әшіров және 2023 жылғы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, әлемдік күрес жұлдызы, екі дүркін әлем чемпионы Франк Чамизо да жарысқа қатыспақ.
Айта кетейік, бұған дейін ірі халықаралық турнир Ақтөбе және Астана қалаларында ұйымдастырылған еді.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған

