Әлемнің ең қымбат футболшысы 200-ші голын соқты
"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе футболдан Франция чемпионатының 25-туры аясында "Марсельмен" (3:0) матчта дубль жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша ол 200 гол соқты және команданың үздік бомбардирлері арасында Эдинсон Каванимен бірінші орынды бөлісті.
Жеңіс ПСЖ-ға 60 ұпай жинауға және екінші орында тұрған "Марсельден" (52) сегіз пунктке шығуға мүмкіндік берді.
4 наурызда ПСЖ "Нантқа" қарсы, ал келесі күні "Марсель" "Реннге" қарсы ойнайды.
Естеріңізге салсақ, Мбаппе 2022 жылдың ең қымбат футболшысы атанған еді. Сондай-ақ 2022 жылғы әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанғаны хабарланды.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

