Әлемдік мұнай бағасы көтерілді
Мұнай бағасы дүйсенбідегі құлдыраудан кейін қайта қалпына келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Brent және WTI маркалы мұнай бағасы төрт пайызға өсті, оны сауда-саттық мәліметтері куәландырады.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:45-те WTI маркалы мұнайдың сәуір фьючерсі 4,05 пайызға, барреліне 30,08 долларға дейін қымбаттады. Brent маркалы солтүстік теңіз мұнайының фьючерсі 3,97 пайызға, барреліне 30,73 долларға дейін өсті.
16 наурызда Brent мұнайының бағамы 30 доллардан түсіп кетті. Сарапшылардың айтуларынша, соңғы рет мұнай бағамының мұндай көрсеткішке жетуі 2016 жылдың ақпан айында байқалған. Сондай-ақ, WTI маркалы мұнайдың құны 10 пайызға төмендеді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі