Әлемдік лицензиялық турнирге баратын қазақстандық боксшылар белгілі болды
Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Бокстан олимпиаданың жолдамасын сарапқа салатын іріктеу турнирге қатысатын боксшылар белгілі болды.
Әлемнің 114 елінен, 668 спортшы қатысатын әлемдік додада ел намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлері анықталды. 51 және 57 келіде әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырхан сынға түссе, 63,5 келіде жас боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы өнер көрсетеді. Ал 71 келіде команда капитаны Асланбек Шымбергенов бақ сынайды. 80 және 92 келіде ағайынды Нұрбек және Айбек Оралбайлар жұдырықтасады.
Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында аса ауыр салмақта сынға түсетін Қамшыбек Қоңқабаевта ғана жолдама бар.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”