Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемді мойындатсам да, әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын - Елдос Сметов

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзін "мамасының баласы" деп айыптайтындарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/yeldos60kg

Елдос Сметов бұл туралы Қарағанды қаласындағы жиындардың бірінде айтқан


"Қатты ұялдым": Елдос Сметов Олимпиададағы жеңісінен кейін не үшін намыстанғанын айтты


"Қазаққа мәлім деген ер азаматтардың артында әйелдер тұрады. Батыры болсын, ғалымы болсын солай. Анасының дұғасының арқасында жетістікке жетеді. Кім не десін о десін анам үшін соңына дейін баратын адаммын. Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын. Қанша жерден әлемді мойындатып, дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпион болсам да, анамнан асып кете алмаймын. Анамды құрметтегеннен жаман болған кезім жоқ", – дейді спортшы.

Еске салсақ, бұған дейін Елдос Сметов Олимпиададағы жеңісін тойлау кезінде әйелімен емес, анасымен қол ұстасып жүргені үшін сынға ұшыраған еді. 

Талқылау