Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі қақтығыстың бәрі ұлттық тәкәппарлықтан туындайды - Тоқаев

Қазақстан президенті әлемдегі барлық қақтығыстар мен соғыстар ұлттық тәкаппарлықтан туындайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының отырысында сөз сөйледі.

"Әлемдегі барлық қақтығыстар ұлттық тәкаппарлықтан, басқа этносты, басқа ұлтты дос ретінде көре алмаудан туындайды. Нағыз патриотизмді ұлттық өркөкіректікпен шатастыруға болмайды. Сондықтан Ассамблеяны дамытуды, жұмыс әдістерін жетілдіруді, оның құрамын үнемі жаңартып отыруды жалғастырамыз", – деді Тоқаев.

Ол бәрі бір жердің балалары, бір халықтың ұлдары мен қыздары екенін атап өтті.

“Ұлы даланың шексіз кеңістігінде бәрімізге орын жеткілікті. Қасиетті жерде жұмыс істеп, соны бағалап өмір сүргеніміз жөн. Қазақстанның болашағы, балаларымыздың тағдыры, ата-бабаларымыздың мұрасы – біздің қолымызда. Мақтанышпен басымызды көтеріп, кез келген қиындықты қабылдаймыз", – деді ол.

Оның айтуынша, шынайы патриотизм – әділ Қазақстанның кепілі. 

“Әр отандасымнан шынайы патриотизмнің, жоғары азаматтық жауапкершіліктің, іске адал көзқарастың үлгісін көремін!" – деді президент.

Айта кетейік, мемлекет басшысы халықтар ассамблеясы мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт екенін айтты.

Талқылау