Әлемдегі ең қымбат қалалар: Алматы мен Астана нешінші орында?
Сербиялық Numbeo желісі әлемнің түрлі қаласындағы өмір сүру құны туралы жаңа индексті ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рейтинг тұтынушылық баға, жылжымайтын мүлік құны және өмір сапасы көрсеткіштері бойынша жасалған.
Бағалау үшін 100 балдық базалық деңгей берілген Нью-Йорктегі бағалар негізге алынды. Қаланың өзі 10-орында тұр.
Әлемдегі ең қымбат 10 қаланың тізімі мынадай:
- Гамильтон, Бермуд аралдары;
- Цюрих, Швейцария;
- Базель, Швейцария;
- Лозанна, Швейцария;
- Сан-Хосе, АҚШ;
- Женева, Швейцария;
- Сан-Франциско, АҚШ;
- Берн, Швейцария;
- Вашингтон, АҚШ;
- Нью-Йорк, АҚШ.
Алматы рейтингте 270-орында, ал Қазақстан астанасы 289-орында тұр. Орталық Азияның басқа қалалары ішінде Бішкек 332-ші, Ташкент 330-орын иеленген.
Дубайға желі 142-ші, Стамбулға 267-ші, Мәскеуге 268-ші қатарды берді.
Бұған дейін ТМД елдерінің ішінде ең қымбат такси Қазақстанда екенін жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"