Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең қауіпсіз авиакомпания аталды

AirlineRatings порталының мамандары  2020 жылы әлемдегі ең қауіпсіз әуе компания ретінде рейтинг бойынша австралиялық Qantas ұшақтарын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

самолет

Рейтинг жасау кезінде мамандар ұшу қауіпсіздігі саласындағы жазатайым оқиғалар мен статистикалар, қадағалау органдарының тексерістерінен өткен, сондай-ақ ұшақтың құрастыру мерзіміне қатысты өлшемдерді ескерді.

Екінші орынға Жаңа Зеландиялық Air New Zealand, үшінші орынға Тайваньның EVA Air компаниясы ие болды. Ең сенімді бес әуекомпания Etihad және Qatar Airways авиакомпанияларын артқа тастады.

Ең қауіпсіз бюджеттік тасымалдаушылардың қатарына Air Arabia, Flybe, Frontier, HK Express, IndiGo кірді.

Қарашада Qantas Boeing 787-9 Dreamliner тарихтағы ең ұзақ рейс жасады. Ұшақ Лондоннан Сиднейге ұшып, аспанда 19 сағат 19 минуттай тұрған. Алдыңғы рекорд әуе кемесі 19 сағат 14 минутта әуеде болған дәл сол тасымалдаушыға тиесілі еді.
 

Талқылау