Әлемде алғаш рет ет жарнамасына тыйым салынды
Нидерланды мемлекетінің Харлем қаласы ет жарнамасына тыйым салды. Жергілікті билік өкілдерінің пайымдауынша, осы заңның көмегімен мал шаруашылығының климатқа әсерін төмендетуге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Guardian басылымының хабарлауынша, заң 2024 жылдан бастап күшіне енеді. Жарнама қоғамдық орындарда, экран беттерінде жарияланбайды. Харлем қаласы билігінің айтуынша, мал жейтін жемді өсіру үшін тыңайтқыш керек, ал бұл топырақ пен суды ластайды. Ол өз кезегінде қоршаған ортаға зиянын тигізеді.
Заң авторлары қоғамға экологияның маңызы туралы насихаттап, бірақ қоршаған ортаны ластауға себепші болатын өнімдерді жарнамалау қисынсыз екенін айтады.
“Егер адамдар өз үйінде ет жейтін болса, біз оларға тыйым салмаймыз. Бірақ экологиялық дағдарыс кезінде қоршаған ортаны ластауға себепші болатын өнімдерді жарнамалай алмаймыз”, – деді саясаткер Зигги Клазз.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті