Әлемде алғаш рет роботтың көмегімен 2 сәби дүниеге келді
Әлемде алғаш рет роботтың тікелей ықпалымен 2 сәби өмір есігін ашты. Екеуі де қыз бала, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Робот көмегімен туылған сәбилер жайында Technology Review жазды. Дерекке сүйенсек, Эдуард Альба есімді испаниялық инженер өзі ойлап тапқан робот ұрықтандырғышпен Нью-Йорк қаласында ЭКҰ процедурасын өткізген. Ол ер адамның аталық жасушасын әйел жатырына енгізу үшін Sony PlayStation 5 бағыттаушысы мен микроскоп және ноутбукті пайдаланған. Осылайша 12 жұмыртқа салынған.

Фото: Technology Review
“Мен барынша сабыр сақтауға тырыстым әрі кезекті эксперименттердің бірі ретінде қарадым”, – дейді инженер.
Әйел адамның жатырына енгізілген аталық жасуша эмбриондары аналық жұмыртқалармен үйлесім тапқан. Сәтті жасалған процедура нәтижесінде өмірге 2 қыз бала келді.
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады
8 маусымдағы сот отырысына Александр Пак онлайн қатысты
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты