Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Орта салмақтағы IBF чемпионы, америкалық боксшы Калеб Плант (20-0, 12 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Плант, тіпті, IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге жекпе-жекті өткізетін күнді ұсынды. Америка боксшысы Геннадиймен маусым айында кездескісі келеді.
Алайда, Калеб WBA Super атағын иеленген британдық Каллум Смитпен (27-0, 19 КО) де жұдырықтасуы мүмкін.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин оң аяғынан жарақат алып, рингке оралуды кейінге қалдырғаны хабарланған болатын.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды