Әлем чемпионатында Испания финалға шықты

14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні әлем чемпионатының жартылай финалында Испания құрамасы Францияны 2:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еске салайық, жартылай финалға дейін Франция құрамасы алдымен Швецияны 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Одан кейін Парагвайды 1:0 есебімен тізе бүктіріп, ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен жеңіп шықты.
Ал Испания құрамасы плей-офф кезеңін Аустрияны 3:0 есебімен ірі жеңуден бастады. Кейін Португалияны 1:0 есебімен ұтып, ширек финалда Бельгияны 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Ойынның 22-минутында Испания құрамасы пенальти тепті. Франция қорғаушысы Люка Динь қанаттағы шабуылшы Ламин Ямалға қарсы ереже бұзды. 11 метрлік айып добын орындауға Микель Оярсабаль келіп, қақпаның оң жақ бұрышын дәл көздеп, есеп ашты.
ОқыңызЕкінші таймда, 58-минутта Испания құрамасы есеп айырмасын ұлғайтты. Қорғаушы Педро Порро Дани Ольмомен әдемі қабырға пасын (бір-екі пас) алмасып, айып алаңына енді де, допты қақпа торына дәл бағыттады.
Ойын қорытындысы
Осылайша, Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына шығып, Англия мен Аргентина арасындағы жартылай финал жеңімпазымен кездеседі.
Ал Франция құрамасы аталған матчта жеңілген командамен үшінші орын үшін таласады.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме