Алексей Цой: Күзде жағымды эпидемиологиялық жағдайға үміттенуге негіз бар
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтардың күзде жағымды эпидемиологиялық жағдайға үміттенуіне негіз бар екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жағдайды игердік. Аурушаңдық пен өлім-жітімді нақты төмендеттік. Дәрі-дәрмектердің қол жетімділігін арттырдық, олар нарықта пайда болды. Әрине, мүмкін, барлық жерде емес, бірақ ұйымдарда, ауруханаларда, дәріханаларда олар пайда болды.
Қазір жағдай толық бақылауда. Біз білеміз, күзде болатын шыңға дайындалып жатырмыз. Қазір ашылған төсектер резервте тұр, ИВЛ-аппараттар сатып алынуда, мобильді жылжымалы кешендер де іске қосылған. Оттегі концентраторлары, тесттер, жеке қорғаныс құралдары - барлығы біздің бақылауымызда, тиісті көлемде жинақталуда. Менің ойымша, күзгі кезеңнен жақсы өтетінімізге нақты үмітіміз бар", - деді Цой ОКҚ-де өткен онлайн-брифингте.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі карантинді ұзарту туралы айтты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі