Александр Винокуров әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Олимпиада чемпионы, Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров өзінің жас санаты бойынша әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Велосипедші Глазгода (Шотландия) өткен әлемдік бәсекеде 50+ жас санатында өнер көрсетті. Екінші орынды испандық Рауль Патино иеленді. Үштікті Адриан Яш қорытындылады.
Айта кетейік, маусым айында Винокуров Тайландта өткен Азия чемпионатында алтын жеңіп алды. Ол 50+ жас санатында жарысқа қатысты.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады