"Алдымен анасына тағзым етеді": Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап берді
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа қатысты сынағандарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

36 жасқа толған Қайрат Нұртас туған күні болған түні ата-анасының үйіне келіп, анасын құттықтаған еді. “Әйелі мен бала-шағасы қайда?!”, “Шешесінің қасынан шықпайды” деп әнші сынның астына қалған еді.
“Неге өз баламды өзімнен қызғанасыздар екен? Дұрыс, азамат алдымен анасына тағзым етеді. Өмір бергеніңіз үшін деп. Содан соң бала-шағасы, отбасымен тойлай береді. Түнде 12-ден аса маған келді, енді Алла бұйырса отбасына ұшты”, – деп жауап берді продюсер.
Одан кейін бала анасын жоғары қойса, оған еш ренжудің қажеті жоғын айтты. Сөзінше, ата-ана разы болуы керек екен.
“Алладан соң анасын жоғары қойса, оған еш ренжімеңіз. Керісінше отбасыңызға үлгі болсын. Ата-ананың разылығы, дұғасы болмаса, жер басып жүрудің өзі күнә шығар. Оған қарсымын дегендер, баласы мен анасын бір-біріне қарсы қойғандар сайтанның азғыруындағы мүсәпірлер дер едім”, – деп ашуланып қалды Гүлзира Үсенқызы.
Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтауын оқырмандары көп күткенін жазған едік.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді