Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Алдағы күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылиды
Қазақстанда 25-27 қазан күндері күн жылы болып, кей өңірлерде ауа температурасы 28 градусқа дейін жетеді.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батысына Поволжья аудандарынан атмосфералық фронттар жылжиды. Соның салдарынан жауын-шашын, әсіресе жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.
Ал республиканың өзге өңірлерінде жақын арадағы екі тәулікте антициклон сақталып, күн жылы және жауын-шашынсыз болады. Максималды ауа температурасы 8-15°С жылы болса, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 18-23°С, кей жерлерде 28°С-қа дейін күн жылиды деп күтілуде.
Тек 27 қазанда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда атмосфералық фронттардың келуіне байланысты, кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"