Алдағы күндері елімізде қайта күн суытады
Синоптиктер Қазақстанда 13-15 наурыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты.
“Қазгидромет” синоптиктерінің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашын жауып, күн суытады.
“Алдағы үш күнде республиканың басым облыстары биік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттың әсерінде болады. Қазақстан аумағынан өтетін атмосфералық фронттар солтүстік бөлігінде қар, оңтүстікте жауын-шашын, соңы қарға айналатын жаңбыр, сонымен қатар, тұман, көктайғақ және температураның төмендеуіне алып келеді. Батыс және солтүстік облыстарда температура климаттық нормадан 3-7 градусқа төмен болады, фронттардың өтуіне байланысты қалған аумақта да күн суытады”, – деді синоптиктер.
12-14 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстары бойынша жауын-жашын (жаңбыр басым), кей жерлерде қатты түсуі күтілуде. Осыған байланысты, мұздық құбылыстардың әлсіреп өзен арналары қысылып (Алматы облысында), жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағынның пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, 12-13 наурызда Қызылорда облысында Сырдария өзенінде мұздық құбылыстардың әлсіреп, өзен арналары қысылып, судың көтеріліп жайылуы шығуы мүмкін екені айтылады.
Тағы оқыңыз:
ОҚО тұрғыны тырнаны атқан мергенді құстың киесі ұрғанын айтып берді
Психолог: Енелердің бір қателігі келіннің жақсы-жаман болуын баласынан көрмейді