Алдағы күндері ауа температурасы 30 градустан асады - синоптиктер
Қазгидромет 18-20 сәуірге арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Батыс және солтүстік-батыс аймақтары Атлантикалық циклонның ықпалында болады, мұнда найзағаймен және екпінді желмен жаңбыр күтіледі. Республиканың қалған аймақтарында ауа райы қолайлы, жауын-шашынсыз, ауа температурасы солтүстікте 20...28 жылыға дейін, ал оңтүстікте 25...33 жылыға дейін көтеріледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі", - делінген ауа райы болжамында.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады