Алдағы бес айда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін – Трамп
АҚШ-тың Экс-президенті Дональд Трамп қазіргі америкалық басшылықтың қабілетсіздігінің кесірінен сайлауға дейін қалған бес айда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі eadaily.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Экс-президент өзінің президент ретіндегі мұрагері және бәсекелесі Джо Байденді меңзеп, оның кесірінен алдағы бес ай қауіпті екенін жеткізді.
"Бұл елді басқаратын ақымақтардың кесірінен тірі қалатын адамдар аз. Өйткені қазіргі қарудың күші қорқынышты. Алдағы бес айда біз үшінші дүниежүзілік соғысқа ұшырауымыз мүмкін", – деді ол.
Трамп сонымен қатар қарашадағы сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Украинадағы "қорқынышты" қақтығысты шешуге уәде беретінін жеткізді. Ол егер АҚШ-ты басқаруды жалғастырса, бұл қақтығыстың пайда болуына жол бермейтінін қайталады.
Трамп бұған дейін қайта сайланған жағдайда Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысты небәрі 24 сағат ішінде шешуге ниетті екенін бірнеше рет айтқан еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді