Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқтардың тұзағына түскен: Ақмола тұрғыны белгісіздерге өз атынан 3 миллион теңгеге жуық несие рәсімдеген

Ақмола тұрғыны үш миллион теңгеге жуық несие алып, алаяқтарға алданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Зеренді ауданы, Чаглинка ауылының 48 жастағы тұрғыны жоспарлы алаяқтықтың құрбаны болған. Алаяқтықтан бейхабар әйел Көкшетаудағы екі банктен 800 мың және екі миллион теңгеге қолма-қол несие алған.  Алайда ол тек үш күннен кейін, 14 сәуірде полицияға жүгінген.

"11 сәуірде әйелдің ұялы телефонына белгісіз абонент қоңырау шалғаны анықталды. Қоңырау шалушы өзін Нұр-Сұлтан қалалық полиция қызметкері ретінде танытып, арызданушының алаяқтықтың құрбаны болуы мүмкін екенін айтып, оның алдын алу мақсатында ол "полициямен" бірлесіп жұмыс істеуі керек еді", – дейді полицияда.

Ер адам қазақстандық ірі банктердің бірінде алаяқтықпен күресетін арнайы бөлімнің ашылғанын, жақын арада оған осы бөлімнің қызметкері хабарласатынын айтқан. Одан әрі “жаңа бөлімнің” жалған қызметкері әйелдің атына заңсыз несие берілуі мүмкін екенін айтып, жақын арада банкке барып, барлық мән-жайды анықтауға кеңес берген.

"Келесі күні әйел облыс орталығына барып, банк ғимаратының алдында тұрып, алаяқтардың нұсқауын күтеді. Алаяқтардың кеңесіне құлақ асқан ақмолалық тұрғын полицияның арнайы операциясына қатысып жатқанына сенімді болған.

"Полиция қызметкерлері" оның атына 800 мың теңге несие рәсімдеп, кейін бұл ақшаны банкке қайтару үшін "полиция қызметкерінің" шотына аударады. Әйелді оңай алдап кетуге болатынын түсінген қаскөйлер оны басқа банктен тағы да несие алуға мәжбүрлеп, одан да ірі сомада – екі миллион теңге рәсімдеген. Ал бұл ақша қылмыскерлердің қалтасына түскен.

Осылайша алаяқтықтан бейхабар әйел ауылға қайтады. Арызданушы өзінің қылмыстық схемаға қатысы барын 14 сәуірде учаскелік полиция инспекторымен кездесіп, алаяқтардың құрбаны бола жаздағанын айтқан кезде ғана білген", – дейді тәртіп сақшылары.

Полиция қызметкері әйелге арыз жазуға кеңес беріп, онымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Талқылау