Алаяқтар интернет-банкинг арқылы адамдарды қалай алдап жүр?
ІІД Астана қаласында алаяқтық ісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.
ІІД КПБ басшысы Талғат Бөлегеновтың мәліметінше, сайтта отырған алаяқ сатып алушыға баспана не көлікті сатып алу үшін кепіл ақшасын беру керек екенін айтады. Сенімге кірген соң интернет-банкинг қызметіне қосылып, өз телефонының нөмірін атайды.
Осылайша сатып алушылар «Интернет банкинг» қызметінің қалай жұмыс істейтінін білмейтіндіктен, алаяққа банк картасындағы, есепшотындағы ақшаға жол ашып береді.
Мәселен, сатып алушы тонын сататынын айтып, хабарлама жазады. Оның телефонына WhatsApp Messenger арқылы хаттар келіп түсе бастайды.
Олардың ішінде біреуі өзінің басқа қалада екенін, сондықтан ақшаны картаға аударып, тонды кейін алатынын айтады. Сатушы бұған келісіп, карта нөмірін жібереді. Телефонына интернет-банкингтегі жеке кабинетіне кіру үшін код жазылған хабарлама келеді. Сатушы түк ойланбастан ол кодты сатып алушыға жібереді. Сәлден уақыттан соң телефонынан есепшотындағы барлық ақшаның өзгеге аударылғаны жөнінде хабарлама келеді.
Осылайша алаяқтарға алдынып қалмас үшін ІІД азаматтарды аса сақ болуға шақырады. Карта нөмірі мен пин-кодты ешкімге көрсетпеу керек екенін ескертеді. Бейтаныс нөмір арқылы аударма жасаудан, өзіңіз жасамаған қызметті растаудан, жеке мүлікті тегін интернет порталдары арқылы сатып алудан, компьютерде күмәнді бағдарламаларды қолданудан, компьютер мен планшет, смартфонға сапасыз антивирус қоядан аулақ болуға шақырады. Алаяқтың құрығына түскен жағдайда 71-60-10, 71-63-35, 71-62-91 немесе 102 нөміріне хабарласыңыз.
Оқи отырыңыз:
Қарағандыда көліктерді жалға алған бірнеше таксист алданып 10 жыл бойы ақша төлеп келген
Алматыда жоғалған қыздың сауда орталығында қыдырып жүргені белгілі болды