Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқ медициналық анықтамалығын жоғалтып алған қазақстандық әйелдің атынан несие рәсімдеген

Петропавлда ер адам аурухана алдынан тауып алған медициналық анықтамалықтағы жеке деректерді пайдаланып, әйел атынан онлайн несие рәсімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қала тұрғыны өзіне несие рәсімделгенін жеке сот орындаушысынан білген.

“Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген микроқаржы ұйымдарының бірінде 50 мың теңге сомасында несие берілді. Өтініш берушінің айтуынша, ол ешқашан банктен несие сұрамаған және жеке мәліметтерін ешкіммен бөліспеген",-деді облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 34 жастағы ер адам ұсталып, кінәсін мойындаған. Ол қала ауруханаларының жанынан өтіп бара жаты, бөтен әйел адамның жеке медициналық кітапшасын тауып алған. Кейін ақшаға мұқтаж болғандықтан, құжатты пайдаланып несие алған.

Алдымен қаржы институттары алаяқ өтінішін қабылдамаған. Арасынан бір банк қана сұранысын қанағаттандырып, картасына ақша жіберген. Криминалдық полиция басқармасының басшысы қандай жағдай болмасын, жеке деректер бар құжаттарды лақтырмауға кеңес берді. 

“Көбінесе азаматтар банкоматтан ақша алу немесе төлем терминалдары арқылы транзакциялар жасау кезінде түбіртектері мен чектерін орнында қалдырып кетеді. Көптеген чектерде жеке деректер, ұялы телефон нөмірі, ЖСН, соңғы аударым сомасы, толтыру және тағы да басқа деректер көзі болады. Алаяқтар үшін бұндай мәліметтер пайдаға асыруға жарататын таптырмас құрал”,-деп түсіндірі полицей.

Талдау көрсеткендей, интернеттегі қылмыстар саны жыл сайын шамамен екі есеге артып келеді. 2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 782 интернет-қылмыс тіркелсе, биылғы жылдың қаңтар айының өзінде мұндай құқық бұзушылық 54-ке жеткен.

Талқылау