Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқ Бұқтырмаға демалысқа келген туристерге “жалған” үйлерді жалға берген

Бұқтырмада алаяқ шын мәнінде жоқ үйлерді туристерге жалға берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Буктырма

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жас жігіт тамыз-қыркүйек айларында демалыс туралы боялған жарнамалар мен жайлы пәтерлердің фотосуреттерін жариялаған веб-сайт құрған. Адамдар үйлерді жалға алып, алдын ала төлем де жасаған. Алайда, келгеннен кейін олар бірде-бір бөлме немесе “жалға берушінің” өзін де таппаған.



Бұқтырмада "барқыт" маусымын қарсы алғысы келетіндер әлі де полицияға арыз жазып жүр. Алаяқ демалушылардың сенгіштігін пайдаланып, жарты миллион теңгеге жуық табыс тапқан. Қазір 21 жастағы қылмыскер ұсталды. Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау