"Әйелімен ажыраспай қойды": ШҚО-да келіншек бұрынғы сүйіктісі зорлады деп жалған арыз жазған
Өскеменде әйел өзін зорлағаны туралы жалған хабар таратқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Келіншек жалған ақпарат бергені үшін сотталды.
Қала тұрғыны бұрынғы сүйіктісін үйіне шақырған. Келіншек ер адамнан әйелін тастап, өзіне қайтып оралуды сұрайды. Бірақ ер адам келісім бермеген.
Артынша келіншек өзінің бұрынғы сүйіктісінің үстінен “зорлады” деп арыз жазған.
Алаяқтық әшкереленіп, арызданушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып та кетті. Кейіннен сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 419-бабының 3-бөлігімен “Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр, аса ауыр қылмыс жасады деп айыптау арқылы, жалған хабарлау” бойынша кінәлі деп таныды. Әйел үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"