Алаяқ Бұқтырмаға демалысқа келген туристерге “жалған” үйлерді жалға берген
Бұқтырмада алаяқ шын мәнінде жоқ үйлерді туристерге жалға берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жас жігіт тамыз-қыркүйек айларында демалыс туралы боялған жарнамалар мен жайлы пәтерлердің фотосуреттерін жариялаған веб-сайт құрған. Адамдар үйлерді жалға алып, алдын ала төлем де жасаған. Алайда, келгеннен кейін олар бірде-бір бөлме немесе “жалға берушінің” өзін де таппаған.
- "Әйелімен ажыраспай қойды": ШҚО-да келіншек бұрынғы сүйіктісі зорлады деп жалған арыз жазған
- "Қарапайым жұмысшыға миллионды қалай берген": Алаяқтар нұр-сұлтандық тұрғынның атына 9 млн теңге несиені онлайн рәсімдеген
Бұқтырмада "барқыт" маусымын қарсы алғысы келетіндер әлі де полицияға арыз жазып жүр. Алаяқ демалушылардың сенгіштігін пайдаланып, жарты миллион теңгеге жуық табыс тапқан. Қазір 21 жастағы қылмыскер ұсталды. Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақстандық әйел дәрігерлерді жүктілігін анықтай алмай, жатыр түтігін жарып алды деп айыптады
Әйел басқа ауруханаға барғанда ғана бастапқы дәрігерлердің диагнозды қате қойғанын білген
Қазақстандық әйел пәтерақысын бірнеше ай төлемеген жалға алушыны үйінен шығара алмай отыр
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"