Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқ әйел алматылықтарға мұнай компаниясына жұмысқа кіргізуге уәде беріп, ақшаларын жымқырған

Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция қызметкерлері азаматтарға жоғары жалақы төлейтін жұмыс орындарын ұсынып, ақшаларын алаяқтық жолмен жымқырған әйелді құрықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

35 жастағы әйел бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, дейді полиция. Шілденің ортасында ол Абай мен Саин даңғылдарының қиылысында адамдарды алдаған. Алаяқ сенгіш азаматтарға жұмыс қажет пе деп, сұраған.

"Әйел карантинді пайдаланып, кейбір азаматтардың қазір жұмыстан босатылып жатқанын, мүмкін уақытша жұмыс іздегенін сұраған. Алаяқ - жақсы психолог, ол зардап шеккендермен тез арада әңгімені бастап, оларға мұнай компаниясында жұмыс табуға көмектесетіндігіне сендірді. Ол қызметтері үшін азаматтардан сыйақы алып, бірақ кейін - ақша да, жұмыс та жоқ болған. Қазіргі уақытта осы эпизодтарға сәйкес біздің бөлімге екі адам жүгінді", - деді Әуезов аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Полиция күдікті қаланың басқа жерінде "жұмыс істеуі" мүмкін дейді.

Алдаудың басқа эпизодтары болса, азаматтардан полицияға 8-701-852-60-94, 8-707-515-47-35 телефондары арқылы хабарласу сұрайды.

Талқылау