Салық төлеу туралы хабарлама: Қазақстанда алаяқтар халықты алдаудың жаңа әдісін ойлап тапқан
Қазақстанда алаяқтар адамдарды алдаудың жаңа әдісін ойлап тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pexels.com
Stopfake.kz басылымының мәліметінше, алаяқтар азаматтарға салық бойынша қарыздарын төлеуді талап ететін хабарламалар жібереді. Сарапшылар жалған хаттарды шынайы хаттардан қалай ажыратуға болатыны туралы айтып берді.
"Алғаш рет киберқылмыскерлердің "салық хабарламалары" туралы 2023 жылдың соңында белгілі болды. Содан кейін қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті осы схемаға қатысты мәлімдеме жасады", – дейді сарапшылар.
Сарапшылардың айтуынша, алаяқтар өз құрбандарының электрондық поштасына жалған "салық хабарламасын" жібереді. Хатта "қарызды" тезірек өтеу туралы талап көрсетіледі және төлем жасауға арналған тікелей сілтеме болады. Сілтеме бойынша төлем жасалса, ақша алаяқтарға тікелей аударылады.
Сарапшылар салық бойынша қарыз туралы хабарламалар ешқашан электрондық пошта арқылы жіберілмейтінін ескертеді. Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы ресми ақпаратқа сәйкес, хабарламалар дәстүрлі пошта арқылы, арнайы мобильді немесе веб-қосымшада немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметтері арқылы ғана жіберіледі.
Қазақстанда төленбеген салықтар мен өсімпұлдардың бар-жоғын екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен e-Salyq Azamat қосымшасы арқылы білуге болады.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда алаяқтардың халықаралық желісі анықталғаны туралы жазған едік.