Қазақстанда жаңа қала пайда болмақ
Алматы облысындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қалаға айналмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тиісті президент жарлығының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
“Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қалаға жатқызылсын. Алматы облысындағы жаңадан құрылған қалаға "Алатау" атауы берілсін”, – делінген президент жарлығында.
Президент үкіметке облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына енгізілген өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Жетіген ауылы Алматы қаласының орталығынан солтүстікке қарай 47 шақырымдай жерде орналасқан. 2009 жылғы санақ бойынша ауылда 15 мың адам тұрған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"