Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алакөлде демалатындарға COVID-19 тестінен өткені туралы анықтама керек

Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігері Алакөлге келетіндеге COVID-19 сынама нәтижелері міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шығыс Қазақстанда демалыс үйлерінің иелері биылғы жылы коронавирус жағдайына байланысты белгіленген стандарттарға сәйкес жұмыс жасайды. Марат Исмаилов нақты қандай шарттар мен талаптарға жүгіну қажет болатынын жеткізді. Оның сөзінше бір отбасы үшін бір ғана адамның сыныма нәтижелері жеткілікті.

"Жағажай аумағында демалушылар кемінде екі метр қашықтықты ұстауы керек. Демалу кешендері белгіленген мөлшерден 50%  ғана адам қабылдай алады. Демалыс орындарына жайғасу үшін COVID-19 вирусына зерттеу нәтижелері туралы 7 күннен аспаған анықтама  болуы қажет. Бір отбасы үшін бір мүшесінің сынама нәтижесі жеткілікті", - дейді санитарлық дәрігер. 

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Марат Исмаилов демалыс орындарында дезинфекция құралдары мен басқада керек-жарақтардың қазіргі жағдайда өте маңызды екенін түсіндірді. 

"Барлық демалыс орындары жеке қорғаныс құралдарымен, дезинфекциялық құралдармен, антисептиктермен, сондай-ақ температураны өлшеуге арналған байланыссыз термометрмен қамтамасыз етілуі керек", - дейді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, 19 маусымда Алакөлді ашу жоспарланып отырғаны туралы жазған болатынбыз. Сонымен қатар, Қазақстанның үш қаласынан Алакөлге әуе рейстері ашылады.


Қазақстанның 5 көрікті жері ресейлік National Geographic журналына енді

Талқылау