Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алакөлде балалар отырған катер суға батып кете жаздады (видео)

Катер
Фото: Видеодан скрин

Алакөлде балалар отырған катер суға батып кете жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға куәгерлері түсірген видеодан ересектер мен балалар отырған катер көлдің қақ ортасында суға бата бастағанын көруге болады. 

Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

"Кеме ұсталып, иесіне бес әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың ішінде жолаушылардың рұқсат етілген санынан артық адам тасымалдау және құтқару кеудешелерінсіз жолаушы тасымалдау деректері де бар", – делінген хабарламада. 

Тексеруден кейін катер мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Катер иесіне анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Талаптар толық орындалмайынша, катердің су айдынына шығуына тыйым салынады.

Еске салсақ, бұған дейін Алакөлде паром гидроциклі қағып кеткен әйел екі аяғынан айрылғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 03 Тамыз, 2026 22:25