Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: Қытай сот үкімін өзгеріссіз қалдырды
Қытайдағы апелляциялық сот бұған дейін Гуанчжоу соты шығарған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкімін өзгеріссіз қалдырды. Ол есірткі контрабандасы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қорғаушы тарап Гуанчжоу сотында 2019 жылдың соңында шығарылған үкімге апелляциялық шағым түсірді, деді сотталушының адвокаты.
Алайда сот үкімі өзгеріссіз қалды - Ақжарқын Тұрлыбай қытай түрмесінде қалады.
Адвокат қазақстандық азаматаны жазасын өтеу үшін Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға ауыстыруға болатынын атап өтті.
"Ауыстыру шарттарының бірі - сотталған адамның жазбаша келісімі. Қазіргі уақытта қорғаушы тарап, Ақжарқын Тұрлыбайдың отбасы Ақжарқынды Қазақстанға беру рәсімін қарастыруда. Қорғаушы тарап Ақжарқынды Қазақстанға берудің нақты мерзімі белгісіз, алайда біз оның тезірек оралуына мүдделіміз", - деді Тұрлыбайдың адвокаты.
Естеріңізге сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу қаласының әуежайында ұсталған болатын. Есірткі алып өтпек болған деген айып тағылып, 2015 жылы маусымда Қытай соты Ақжарқынды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Жыл өткен соң бұл үкім жойылып, іс қарауға жіберілген.
Алайда үш жылдан кейін, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу соты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгеріссіз қалдырды.
Тұрлыбайды Қазақстанға қайтарса не күтіп тұр
Ол қайтып оралғанда, қазақстандық сот бұл істі қарап, айыпталушы сотталған баптарға сәйкестендіруі тиіс, деді сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев.
Қытайда қыз 347-ші қылмыстық бабы - "есірткі контрабандасы, сату, тасымалдау және өндіру" бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Мұндай қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мерзімсіз бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы, сондай-ақ мүлкін тәркілеу қаупі бар.
Қазақстанда мұндай қылмысқа Қылмыстық Кодекстің 297-бабы сәйкес келеді - "есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе сату". Ақжарқын Тұрлыбай жағдайында ол үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
