Актриса Мәриям Думан үшінші перзентін өмірге әкелді
Бірер жыл бұрын халыққа “Көршілер” телехикаясы арқылы кеңінен танылған актриса Мәриям Думан үшінші перзентін дүниеге әкелді.
Сурет: Мәриям Думанның жеке парақшасынан
Бұл туралы НТК арнасының Ревю бағдарламасында айтылды.
Күздің күні тұсауы кесілетін картиналардың бірде-бірінде Мәриям Думан бой көрсетпейді! Себебі, актриса құрсағына құт біткелі ел назарынан жырақта жүрді! Сондықтан да, жұбайы – Саят бүгін көпшіліктен сүйінші сұрап, үшінші сәбилерінің өмірге келгенін айтқанда жұрт таңданыстарын жасыра алмады.
Жұлдызды жұптың бұл үшінші перзенттері! Тұңғыштары ғаламтор жұлдызы – Илья биыл мектеп табалдырығын аттады. Ханшайымдары таяуда ғана 2 жасқа толғанды! Бұл жолы бақытты жанұяға тағы бір атұстар қосылды. Бөбектің бауы берік болсын!
Жіберіп алмаңыз:
Жұртты шулатқан МС Сайлаубек қазір қайда жүр
Төреғали: “Қазақ қызға үйленем” әнін енді қай бетіммен орындаймын
Орыс тілінде ән жазған Ерболат Құдайбергенов енді Ресейді бағындырмақ
Төреғали Төреәлі халық аз келіп, өзін сабасына түсірген кеш туралы айтты