Актриса Альмира Тұрсын "Жер шары ханымы-2023" байқауында ел намысын қорғайды
“Томирис” рөлімен көпшілікке танылған қазақстандық актриса Альмира Тұрсын әлеуметтік желіде халықаралық сұлулық байқауына дайындық барысымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/almiratursyn
“Mrs. Globe халықаралық байқауына орай ұйымдастырылған түсірілім. Мен Қазақстанның атынан бағымды сынаймын. Ақтық сын Америкада маусым айында өтеді. Алда дайындық, образдарды жинап, саяхатты ұйымдастыру керек. Қолдау көрсеткен достарыма және командама алғыс айтамын. Шығармашылығы мен еңбегіне ризашылығымды білдіріп, өз істеріңді оңай әрі кәсіби деңгейде орындағандарың үшін рахмет!”, – деп жазды өнер иесі.
Өткен жылдың қазан айында 32 жастағы актриса "Mrs. Globe Kazakhstan-2022" байқауында жеңіске жетіп, Mrs. Globe халықаралық байқауына жолдама алған болатын.
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ