Ақтөбенің қонақ үйіндегі алтын жалатылған дәретхана Ресей әртісін таңғалдырды (видео)
Ақтөбедегі қонақ үйлердің біріндегі алтын жалатылған дәретхана Ресейдің танымал әртістерін таңғалдырды. Ақтөбеде болған Ресейлік Comedy Club шоуының қатысушысы, танымал әртіс Дмитрий Кожома «Сұлтан» қонақ үйінде түсірген видеосын жариялады.

«Сұлтан” қонақ үйі. Мен ойладым, неге ол бұлай аталады деп? Бірақ мен мұнда кіргенде (дәретханаға) маған бәрі түсінікті болды. Басқа емес. Сұлтан», – деді ол видеода.
Бейнежазба дәретхананың қол жуғышы, душы тіпті қоқыс жәшігі де алтын түспен боялғаны анық көрінеді.
Ресейлік әртістің видеосы желідегі zello.aktobe парақшасында жарияланды.
Айта кетейік, Comedy Club қатысушылары Дмитрий Кожома мен Иван Пышненко Ақтөбеге қаладағы барлардың бірінің мерейтойы үшін келген.
Тағы оқыңыз:
Алматыда бірнеше топ пәтер тонаушылар ұсталды
Павлодарда көлдегі қауіпті заттың мөлшері артуынан балықтар мутацияға ұшыраған
Астанада ашылатын жаңа ауданға Байқоңыр атауы бекітілді
ІІМ Астанада түрмеден қашып кеткен қылмыскердің суретін жариялады
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған