Ақтөбелік тұрғын түрмедегі бауырына зат салғаны үшін он жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
26 жастағы Ақтөбе тұрғыны колонияға кір жуатын сұйықтық әкеліп, оны ағасына бермек болған. Қаптаманың ішінен мекеме қызметкерлері белгісіз зат салынған пакетті анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел кір жууға арналған гельді колонияға тапсырғаннан кейін оны Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері тексерді. Сұйық кір жуғыш зат салынған қаптаманың ішінде олар қоңыр түсті зат салынған пакетті тапты. Әйел бауырына есірткі берді деп күдікке ілінді.
"Қылмыскерге Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша хаттама жасалды, тергеу басталды. Сараптама нәтижелері бойынша белгісіз заттың есірткі болып табылатындығы дәлелденген жағдайда оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнеді", – деді ҚАЖД бастығы Руслан Оразбаев.
Егер сараптама есірткі берілмегенін көрсетсе, онда одан айып алынып тасталады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы