Ақтөбелік кәсіпкер әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа бір үйір жылқы тарту етті
Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа ақтөбелік азаматтар бір үйір жылқы сыйға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Instagram.com/nurkozha0074/
Тиранада өткен олимпиадалық емес салмақ дәрежелеріндегі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Нұрқожа Қайпановқа ақтөбелік кәсіпкерлер бір үйір жылқы тарту етті. Нұрқожа Қайпанов Instagram-дағы ресми парақшасына бір үйір жылқының сертификатын ұстап тұрған фотосын жариялады. Бұл сый балуанға ақтөбелік азаматтардың атынан табысталған.
"Еңбегімді бағалаған ағаларға мың алғыс", - деп жазды еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов.
Айта кетейік, Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші қазақ балуаны болды. Осыған дейін Нұрқожа Қайпановқа кәсіпкер Ерлан Қожасбай Zeekr 001 көлігінің кілтін табыстаған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

