Ақтөбедегі бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз табылды
Ақтөбеде жергілікті кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз жалдамалы пәтерден табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

8 желтоқсан күні "Аяла" бейімдеу орталығынан үш кәмелетке толмаған қыздар – Мырзакенова Манар, Тезекбаева Әмина және Дошонова Жұлдызай қашып кеткен болатын. Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер жұмылдырылды.
Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен қыздарды жалдамалы пәтерден тапты. Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасында.
Айта кетейік, 8 желтоқсан күні Ақтөбеде полиция кәмелетке толмаған үш қызды іздестіріп жатқанын хабарлаған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар