AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ұлы 84 жастағы қарт анасын ұрып өлтірді

Ақтөбенің 84 жастағы тұрғыны 51 жастағы ұлынан таяқ жеп, ауруханада көз жұмды. Ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

84 жастағы ақтөбелік қарияның баласымен бірге тұрғаны белгілі болды. Ер адам анасына тамақ бере бастады, бірақ ол тамақты түкіре бастады. Бұған ашуланған ұлы оның алдымен бетінен, сосын басы мен қабырғаларынан ұрған. Соққыдан кейін, басылымның мәліметінше, әйелдің миына қан құйылған, бас-ми жарақатын алып, қабырғасы сынған кеуде қуысының доғалы жарақаты болған.

Ұлы жедел жәрдем шақырады. Фельдшер жарақаттың қайдан пайда болғанын сұрағанда бір ай бұрын белгісіз біреудің ұрып-соққанын айтқан. Ақтөбелік қария ауруханада қайтыс болды.

Полицейлер тергеу жүргізіп, марқұмды шын мәнінде өз ұлы ұрғанын анықтады. Оның үстінен "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотталушының өзі анасымен бала күнінен қиын қарым-қатынаста болғанын, жанжалдың салдарынан бұрын үйден жиі қашып жүргенін айтты.

"Сол күні кешке мен анама ашуландым, себебі ол тамақты түкіріп, дәретханаға кіріп кетті, мен анамды ұрдым, қанша рет екені есімде жоқ, содан кейін жедел жәрдем шақырдым. Мен өлтірем деп ойлаған емеспін. Барлығы абайсыздықтан болды. Ең төменгі жаза тағайындауыңызды өтінемін", - деді сотталушы болған оқиғаға қатысты өз нұсқасын.

Сот оны осы қылмысқа кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр