Туған қызын зорлады деген күдікке ілінген Ақтөбе тұрғыны іздестіріліп жатыр
Ақтөбе облысының криминалдық полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасап, кәмелетке толмаған қызын зорлады деген күдікпен ер адамды іздеуде.

2019 жылғы 27 ақпанда 36 жастағы А. кәмелетке толмаған қызын зорлап, аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін оқиға орнынан қашып кетті деп күдіктелді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-тармағында көзделген қылмыс негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктіні «қамауға алу» алдын-алу шарасын таңдай отырып, халықаралық іздеу жарияланды.
Іздеудегі адамның белгілері: бойы (орташа) 170-175 см; орташа денелі; беті сопақша келген; шашы қара, толқынды, қысқа кесілген; маңдайы жоғары; қастары қалың; қоңыр көзді; мұрны үлкен; иегі шығыңқы; сақалды және мұртты келген.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"