Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде сыныптастары аяусыз соққыға жыққан баланың миында қауіпті ісік пайда болды

Ақтөбеде 14 жастағы жасөспірімді сыныптастары сабап, одан ақша бопсалаған. Денсаулығы күн санап нашарлаған Бекзатты қазір қауіпті операция күтіп тұр.

9696

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.

Қаладағы №26 орта мектептің сегізінші сыныбында оқитын Бекзаттың бас миына операция жасалмақ. Қазір істі полицияның өндірісі бөлімі және кәмелетке толмағандар ісін қарайтын комиссия зерттеп жатыр. Басынан алған соққыдан кейін оның миында ісік пайда болған.

“23 ақпан күні балам үйге мұрны бұзылып, оң жақ самай сүйегі жарылып қанап келді. Мектептен келген беті, бірақ бетінің сау жері жоқ. Кейін ауруханада мұрнының жабық сынғаны белгілі болды”, – дейді баланың анасы Гүлзада Қожамұратова.

Әйелдің айтуынша, олар былтырғы жылдың наурызынан бері ем курсын қабылдаған. Баланың диагнозы – бас мидың арахноидальды ісігі. Баланың өзі біраз уақыт үйге неге қанды ісікпен келіп жүргенін жасырыпты. Ол анасына абайсызда құлап қалдым, ойнап жүріп жарақаттап алдым деп алдап түсіндіріп келіпті. Бірақ, анасы ұлының бірнәрсеге ұрынып жүргенін байқай бастайды. Емделіп жатқанына қарамастан, 14 жастағы баланың жағдайы нашарлай бастайды. Ақырында бала өзін сыныптастарының қинағанын мойындайды.

“8 “Г” сынып оқушыларының алғашқы төбелесі оқу жылының басында болған, ол кезде оны қатты ұрыпты. Баланың миы шайқалып, ауруханаға түскен. Ол кезде мен іске араласып, баламның сыныптастарымен ара-қатынасын құртқым келмеді. Бірақ, балам жиі ақша сұрайтын: бірде 50, бірде 100 теңге. Мен ол чипсы немесе кола сатып алатын шығар деп ойладым. Сөйтсем одан ақша талап етіп, тіпті қалтасынан суырып алады екен”, – дейді Гүлзада.

“Баланың жағдайы нашарлап бара жатыр: басы ауырып, денесі тартылып, соққының кесірінен бастағы ісігі ұлғайып барады. Шұғыл түрде операция жасату керек”, – дейді баланың анасы мен әжесі.

№26 мектептің директоры Ләззат Тәжібаева да болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

“Бірінші жағдай бойынша ол бізге шағым айтпады. Сыныпта сәл келіспеушілік болып, артынша олар достасып тарқасқан. Барлығы Бекзаттың ауыратынын, оның бас миында ісік бар екенін біліп, ешкім тиіспеген. Бірақ, ұлдың аты ұл. Бұл жерде Бекзаттың да аздап кінәсі бар. Ол аса белсенді бала: жүгіріп жүреді. Анасы ол үшін алаңдайды, ал ол болса өзін шектеп қойғанды ұнатпайды. Екінші рет анасы шағым жазып, бізге хабарласты. Ол кезде бізде мектеп инспекторы болған жоқ, іспен басқа мектептің инспекторы айналысты. Олармен келісе отырып, Бекзатты басқа сыныпқа, басқа ауысымға ауыстырдық. Сірә, проблема тереңде жатса керек. Ерегеске араласқан алты баланың бесеуі әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан. Оларға ер адамның тәрбиесі жетіспеген болуы мүмкін. Бұл балалардың аналары барынша тырысқанымен, бәрі күні бойы жұмыста. Сынып жетекшісінің 20 жылдан астам тәжірибесі бар”, – дейді директор.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық бойжеткен: Хиджабты шешкеніме өкінбеймін

Шетелде лаңкестік топтар қатарында соғысуды жоспарлаған 90 қазақстандық азамат ұсталды

Билік өкілдері үш тілде сөйлей алатын қазақстандықтардың санын айтты

Алматыда үшем туған әйел көмекке мұқтаж

Талқылау