Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жасар қыз билікке үндеу жолдады (видео)
Махамбетовка ауылында тұратын Тұрғангүл Ешімова су тасқыны салдарынан баспанасыз қалды.
Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.
4-сынып оқушысы баспанадан бөлек, мектеп формасынан, оқулықтарынан да айырылған. Баспаналарын су шайып, астаң-кестеңін шығарғалы бері ол өз-өзіне келе алатын емес.
Тұрғангүлдің сөзінше күйеуінің жүрегі ауырады. Ал үйлерінің қандай күйде қалғанын олар әлі көрмеді. 4-сыныпта оқитын Махаббат қатты қиналып жүр.
“Менің барлық кітаптарым үйде қалды. Енді олар жоғалады. Билік қайда қарап отыр? Менің әкемнің кезекте тұрғанына бірнеше жыл болды. Барлық киімдер сол жақта қалды. Мен басында оқу үшін уайымдағанмын, енді үйсіз қалдық”, – дейді қыз.
Қазіргі таңда Ақтөбеде тасқыннан зардап шеккендерге қолдау көрсететін комисиия құрылған. Ниет білдірушілер “Қолғанат Ақтөбе” қоғамдық қорының есепшотына қаражат аудару арқылы көмектесе алады.
Киви есепшот: +77058202666 БИН 170240000585 ИИК KZ 819260101193016000 в АО «Казкоммерцбанк» БИК KZKOKZKX.
Бұған дейін су шайған мекендерді облыс әкімінің өзі аралап шыққан еді.
Бұған дейін Ақтөбеде болған су тасқынынан 579 үй қирап қалғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, Ақмола облысында тасқын судың балалар мінген автобусты ағызып әкеткені де жарияланған.
Оқи отырыңыз:
Қостанай тұрғыны сатып алған балық ішінен үшкөзді құбыжық тауып алды (фото)
Алматы облысында 8 жасар қыздың туыстары педофилдің басын шаппақ болды
Министр қатерлі ісікке шалдығып төсек тартып жатқан көпбалалы анаға көмектесті
АҚШ аспазы мейрамхана қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып жүр