Ақтөбеде SPA-салонның атын жамылып, интимдік қызмет көрсеткендер құрықталды
Ақтөбеде интимдік қызмет ұсынатын SPA-салонның жұмысы әшкере болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.
"Клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін қыздарды ұсынған SPA-салонның әкімшісі ұсталды. Ол - Ақтөбе қаласының тұрғыны. Тексеру кезінде интимдік қызмет көрсеткен екі қыз анықталды", - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің "Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр
Ұлпан: "Жалақысы аз, жүктемесі ауыр, Қазақстандағы дәрігерлерге жаным ашыды”