Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде сабақ үстінде болған өлім: Дәрігерлер 11-жастағы оқушының неден қайтыс болғанын хабарлады

Дәрігерлер Ақтөбе қаласындағы № 38 орта мектептің бесінші сынып оқушысының неден қайтыс болғанын айтты. Алдын ала ұсынылған мәлімет бойынша, оқушының жүрегі кенеттен тоқтап қалған.

Ақтөбеде сабақ үстінде болған өлім: Дәрігерлер 11-жастағы оқушының неден қайтыс болғанын хабарлады

Бұл туралы Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Оқиға 10 сәуірде болған. Сабақ үстінде  11 жасар қыздың жағдай  нашарлап кеткен. Жедел жәрдемге оқушы есінен танып қалды деп хабар берген. Стандарттарға сәйкес естен тану екінші санатқа жататындықтан, жедел жәрдем 15 минут ішінде келуі тиіс. Бұл жағдайда жедел жәрдем 14 минут ішінде келген. Бірақ олар келгенше мектеп оқушысы қайтыс болып кеткен» – деді Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Светлана Есенаманова облыстық байланыс саласында өткен брифингте.

Оның айтуынша, жедел жәрдем келгенге дейін балаға алғашқы кардиомедициналық көмекті білікті медбике көрсетті. Сондай-ақ, жедел жәрдеммен келген дәрігерлер тобы да баланы аман алып қалу үшін қолдарынан келгенін жасаған.

«Сот-медициналық сараптама баланың жүрегі кенеттен тоқтап қалған деген алдын-ала диагноз қойды. Мұндай жағдай жылына бір-екі рет – ересектер мен балалар арасында да болады. Қызда жүрек ауруы және басқа да аурулар болмаған. Ол көктемде медициналық тексеруден өткенде сау болған », – деді Светлана Есенаманова.

Сонымен қатар, ол жедел жәрдемді 18 рет шақырғаны және жедел жәрдем көлігін көшеден тоқтатқаны туралы мәлімдемелерді жоққа шығарды. Себебі жедел жәрдем қызметі сол уақытта мектептің ауласына кірген болатын.

Айта кетейік, сот сарапшылары 11 жастағы мектеп оқушысының қайтыс болуы себебінің соңғы диагнозын 27 сәуірде жариялайды.

Оқи отырыңыз: 

Ақтөбе облысында тәрбиеші бір үзім нан үшін интернат оқушысын ұрған

«Астана Банкі» Назарбаевтың сынына жауап берді

Назарбаев: Qazaq Bank, Астана Банкі және Эксимбанк нашар көрсеткіштерге ие

Талқылау