Ақтөбеде мектеп оқушысы студентті қорқытып, несие рәсімдеткен
Ақтөбеде мектеп оқушысы 17 жастағы колледж студентін қорқытып, тонап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі колледж студентінің ата-анасы облыстық департаментке қарақшылық шабуыл туралы арызбен жүгінгенін мәлімдеді.
Бейтаныс жігіт қорқыту арқылы ұлына iPhone 11 телефонын сатып алу үшін 330 мың теңге онлайн несие рәсімдеткен.
Күдікті ұсталды - ол қаладағы мектептердің бірінің 11-сынып оқушысы болып шықты.
Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы "Тонау" бойынша жүргізілуде. Бұл баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны көздейді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"