Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп, қаланы көк түтін басты
Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп, қаланы түтін басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қоқыс полигонындағы өрт 25 тамыз күні тіркелген.
"Өртті сөндіру жұмыстарына өрт сөндіру бөлімдерінен 40 өрт сөндіруші, "Батыс Ақтөбе" ЖШС-нің жұмысшылары, 20 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда бықсыған қоқысты құммен жабу жұмыстары атқарылып жатыр", – делінген хабарламада.
Маусым айында қала әкімінің орынбасары Айдос Хамиев полигондағы өздігінен жануды тоқтату үшін полигонға қалыңдығы 60 сантиметрлік топырақ жабылатынын мәлімдеген болатын. Бұл жұмыстарға 219 миллион теңге бөлінген. "Батыс Ақтөбе" компаниясы тамыз айының ортасында полигонды топырақ төгуді бастады. Олар жұмысты қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған