Ақтөбеде қалалық мәслихат депутаты көлікті мас күйде жүргізіп ұсталды
Ақтөбеде депутат мас күйінде көлік жүргізіп, ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол 15 күн қамауға алынады, алайда әйел әлі ауруханада.
Депутат Lexus маркалы көлікті мас күйде басқарып, жол ережесін бұзған.
53 жастағы әйелге полицейлер ӘҚБтК - нің 596-бабының 3-бөлігі бойынша қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүру бөлігінің жағына шыққаны үшін, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі бойынша мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін екі хаттама толтырған.
Жиналған материал заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді. Оқиға 5 қыркүйекте болған. Ол ауруханада болғандықтан, жазасын әлі өтемеді.
Құқық қорғау органдары мас күйінде көлік жүргені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру қарастырылғанын еске салды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты