Ақтөбеде ер адам ерекше қажеттігі бар қызының еміне ақша бермегендіктен, сотқа тартылды
Ақтөбеде келіншек бұрынғы күйеуі, яғни қызының әкесін баланың еміне ақша өндіруді талап етіп, сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел қызының ауыр сырқатқа шалдыққанын, оған үшінші топтағы мүгедектік тағайындалғанын және ота жасалғанын түсіндірді. Ол анализ тапсыруға, дәрі-дәрмек сатып алуға, емделуге 1 миллион 432 мың теңгені жұмсаған. Баланың әкесі өз еркімен көмектескісі келмейтіндіктен, әйел сот арқылы шығынның жартысын өтеуді талап етті.
Сотталушы қызының жарақат алғанына өзін кінәлі деп санамағандықтан, оның еміне көмектесуге міндетті емеспін дейді. Істі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот қарады.
Сот қыздың әкесі де анасы сияқты баланың шығынын көтеруге міндетті деп шешті. Ер адам 716 мың 188 теңге төлеуге міндеттелді. Бұл – оның бұрынғы әйелі ортақ қызын емдеуге жұмсаған соманың тура жартысы.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар