Ақтөбеде ер адам автобус ішінде жолаушыны ұрып терезе арқылы қашып кеткен
Ақтөбеде қоғамдық көілктердің бірінде ер адам автобус ішінде жолаушыны ұрып, терезеден шығып, қашып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде видео жариялаған әйел күйеуін белгісіз ер адамның ұрып кеткенін айтқан. Әйел жүргізушіден есікті ашпауын талап етіп, полицияға қоңырау шалыпты. Бірақ ер адам терезеден шығып қашып кеткен.
Полиция көп ұзамай 40 жастағы күдіктіні ұстап, бөлімшеге жеткізген. Бейнеүндеу жариялаған ер адам жолаушымен арада жанжал болғанын, кейін оны ұрып жібергенін айтыпты. Күдікті өз әрекеті үшін кешірім сұрады.
Қазір "Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша тергеу жүріп жатыр.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық