Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде бұралқы иттер малға шапқан

Ақтөбеде бұралқы иттер малға шапқан. Байғанин ауданы тұрғыны Нұрдәулет Ермекбаевтың қорадағы қойын түнде иттер талап, жеп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Қорада қамаулы тұрған қойды бірнеше ит түнде талап өлтіріп, жартысын жеп кеткен. Таңертең малының өлексесін тапқан.

“Есіктің астынан қазып кіріп иттер талаған. Жеген, асты жақ бөлігін жеген әр жерін тістелеп жаралап, терісінің жыртып сөйтіп жіберген. Өте көп оған ешқандай шара қолданып жатқан жоқ”, – дейді Бағанин ауданы тұрғыны Нұрдәулет Ермекбаев.

Бұған дейін де қаңғыбас иттер тұрғындардың қорадағы малына шауып, төлдерін жеп кетіпті. Аудан орталығының өзіңде аш иттер өріп жүреді дейді бұқара. Аудан басшысы тығырықтан шығудың жалғыз жолы - иесіз иттерді қамап ұстайтын арнайы орын жабдықтаған. Бұл жерге әзірге 20 шақты қаңғы ит оқшауланбақ.

“Халықтың арасында түсіндірме жұмыстары жасалуда. Иттерді байлап ұстау жөнінде артық ит ұстамау оларды чиптау жөнінде осындай жұмыстар жасалуда. Ветслужба ветстанса арқылы солардың ауласынан итті қамау алаңын жабдықтап жатырмыз. Осындай жұмыстар иттерді әрі қарай заңның аясында іс-шаралар қабылданатын болады”, – дейді аудан әкімі Қайрат Отаров.

Талқылау